2022 ЖЫЛДЫҢ 28 ТАМЫЗЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 28 тамызында Асу-Бұлақ КММ Орталық орманшылығының 37-тоқсанында орман өрті анықталды. Өрт орнына өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Өскемен авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.