2022 ЖЫЛДЫҢ 29 ТАМЫЗЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 29 тамызында Арықбалық филиалының Нижебурық орманшылығының 43 кварталының аумағында өрт анықталды. Өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт орнына Көкшетау авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.