2022 ЖЫЛДЫҢ 21 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылдың 21 қыркүйегінде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің мамандары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М. Ж. Шөкеевпен бірлесіп табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты айналып өтті. Авиатасымалдау барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.