2022 ЖЫЛДЫҢ 25 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 25 қыркүйегінде Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 9 кварталының аумағында өрт анықталды. Өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт орнына Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланды.