2022 ЖЫЛДЫҢ 26 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ АЛМАТЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТ АНЫҚТАДЫ
2022 жылдың 26 қыркүйегінде Алматы авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Медеу филиалының Кіші Алматы орманшылығының 20-тоқсанының аумағында өртті анықтады. Өрт орнына өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары, жердегі орман күзеті мен ТЖД қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.