2022 ЖЫЛДЫҢ 6 ҚАЗАНЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 6 қазанында Степногорск КММ Степногорск орманшылығының 22-тоқсанының аумағында өрт анықталды. Өрт орнына өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары, жердегі орман күзеті мен ТЖД қызметкерлері техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланды.