2022 ЖЫЛДЫҢ 6 ҚАЗАНЫНДА ОРМАН-АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылдың 6 қазанында Бөкебаев авиациялық бөлімшесінің мамандары Абай облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты айналып өтті. Бірлескен орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзудың бұл фактісі полиция бөлімінде тіркелді, қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.