2022 ЖЫЛДЫҢ 12 ҚАЗАНЫНДА КАТОН-ҚАРАҒАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 12 қазанында Катон-қарағай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Р. А. Иллаутдинов халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде ветеринариялық пункт қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.