2022 ЖЫЛДЫҢ 13 ҚАЗАНЫНДА ОРМАН-АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылдың 13 қазанында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғат қорғау заңнамасын басқа да бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейдті жүзеге асырды. Әуе патрульдеу барысында Қарқаралы МҰТП таулы орманшылығының 68 кварталының аумағында өрт анықталды.
Өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт орнына жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.