2022 ЖЫЛДЫҢ 13 ҚАЗАНЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 13 қазанында Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Ақкөл КММ Ақкөл орманшылығының 42 кварталының аумағында өрт анықталды. Өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт орнына Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері отырғызылды. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.