2022 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚАЗАНЫНДА ТАЛДЫҚОРҒАН АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 18 қазанда Талдықорған авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы А.К. Таштахметов халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Дамир" ЖК қызметкерлері арасында "Ормандар неден жанып жатыр" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты.