2018 жылдың 4-5 қазан күндері табиғатты пайдалану қағиданы сақтау және табиғатты сақтау заңнама бойынша фактілерді бұзушылықты анықтау мақсатында
2018 жылдың 4-5 қазан күндері «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның мамандарымен және ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, ШҚО экологиялық полицияның, «Хабар» агенттігінің өкілдерімен бірлесе отырып орман шаруашылығының аумағына табиғатты пайдалану қағиданы сақтау және табиғатты сақтау заңнама бойынша фактілерді бұзушылықты анықтау мақсатында Ми-8 МТВ-1 тік ұшақпен аралап ұшып шықты.
Жыл бойы балық аулауға тиім салынған аймақта, Көкпенді және
Марқакөл аудандағы аңшылық алқабы және Марқакөл
ұлттық саябағы аумағында бойынша рейд жүргізілді. Рейд кезінде аңшылық және
балық аулау ережесі, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтағы тәртібі бойынша бір неше бұзушылықтар анықталды. Жеті адам әкімшілік жауапкершілікке
тартылды. 66 килограмм заңсыз аулаған балық және қозғалмайтындай етіп тікесінен
қойылған 20 дана қармақ жібі бұзушылардан
алынды.