1-10 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА 4 ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
1-10 сәуір аралығында халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері 4 профилактикалық дәріс өткізді. Тыңдаушылар орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты. Сондай-ақ, өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары таратылды.