2024 ЖЫЛДЫҢ 19 ҚАҢТАРЫНДА КӨКШЕТАУДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН МЕКЕМЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЫНАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылғы 19 қаңтарда Көкшетауда табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлерін бастапқы оқытудың білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін өткен пәндер бойынша сынақтар өтті. Еске салайық, бастапқы оқытудың білім беру бағдарламасы орман өрттерін сөндіру саласындағы білім деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Оқыту бағдарламасында сабақтардың мынадай түрлері көзделген: дәрістер, оқу әдебиетін өз бетінше зерделеу және практикалық сабақтар. Сынақтарды тапсырғаннан кейін алынған сертификаттар орман өрттерін сөндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2024 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтарында табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлерін оқыту курстары басталады.