2024 ЖЫЛДЫҢ 22 ҚАҢТАРЫНДА ӨСКЕМЕНДЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ӨТТІ
2024 жылғы 22 қаңтарда Өскеменде Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығының базасында Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Оқытудың бірінші күнінде курс тыңдаушыларына:
1. Орман өрттерін жіктеу, орман өрттерінің пайда болу және даму жағдайлары;
2. Ормандардағы өрттің алдын алу туралы жалпы түсініктер. Өртке қарсы кедергілерді жіктеу. Басқарылатын күйдіру жолымен өртке қарсы қорғаныш жолақтарын құру. Орман өрт сөндіру қызметтерінің жұмысын регламенттеу. Навигациялық аспаптарды және орман екпелерінің жоспарын пайдалана отырып орман өрті орнын анықтау;
3. Байланыс жүйесін ұйымдастыру. Байланыс түрлері мен құралдары. УҚТ радиостанцияларының жұмыс істеу қағидаттары. Орман шаруашылығында пайдаланылатын радиостанциялардың тактикалық-техникалық сипаттамалары. Ақпаратты жинау, өңдеу, беру және сақтау тәртібі. Жедел ақпарат түрлері. Радио алмасу ережелері;
4. Өртті барлау және өртті сөндірудің бастапқы, негізгі және ахуалдық жоспарларын жасау. Өрт сөндірудің тактикалық тәсілдері мен тәсілдерін жіктеу. Орман өрттерін сөндірудің негізгі техникалық тәсілдері.