2018 жылдың 19 желтоқсанында орталық аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өткізілді
2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасы аясында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар" тақырыбында жиналыс өткізілді. Заң кеңесшісі м.а. Ибраев Ж. О. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының нормалары, ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамаларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және олар үшін жауапкершілікке қатысты нормалары түсіндірді. Әңгімелесу барысында Мемлекет тәуелсіздігі алған сәттен бастап, Ұлт көшбасшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын мақсатты түрде жүзеге асыратыны атап өтілді. Бұл сыбайлас жемқорлық көріністері қоғам мүдделеріне зор зиян келтіретіндігіне және мемлекеттің экономикалық өсуін тежейтін факторға айналатындығына байланысты. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілетін алдын алу іс - шараларының негізгі мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының әрбір негізгі қағидаларын жеткізу және мысалдарды келтіру жолымен мемлекеттік қызметшілерге заңды бұзудан болатын теріс салдарларды көрсету. Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес үшін қоғамның барлық жіктерінің жүйелі күш-жігері қажет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы, ал Адалдық пен Сатылмаушылық - мінез-құлық нормасы болуы тиіс. Жиналысқа орталық аппарат ұжымы қатысты.