2024 ЖЫЛДЫҢ 12 АҚПАНЫНДА ӨСКЕМЕНДЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ӨТТІ
2024 жылғы 12 ақпанда Өскеменде Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығының базасында Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Оқытудың бірінші күнінде курс тыңдаушыларына:
1. Орман өрттерін жіктеу, орман өрттерінің пайда болу және даму жағдайлары;
2. Ормандардағы өрттің алдын алу туралы жалпы түсініктер. Өртке қарсы кедергілерді жіктеу. Кесу орындарын тазалау және кеспеағаштан тыс қоқыстарды жинау. Орман жолдарының құрылысы. Басқарылатын күйдіру жолымен өртке қарсы қорғаныш жолақтарын құру. Өрт сөндіру су қоймаларының құрылысы. Өрт бақылау пункттерінің, мұнаралардың, діңгектердің, ерте анықтау жүйелерінің желісін орнату;
3. Орман өрт сөндіру қызметтерінің жұмысын регламенттеу. Навигациялық аспаптарды және орман екпелерінің жоспарын пайдалана отырып орман өрті орнын анықтау. Объективті бақылау аспаптары, оларды пайдалану тәртібі;
4. Байланыс жүйесін ұйымдастыру. Байланыс түрлері мен құралдары. УҚТ радиостанцияларының жұмыс принципі. Орман шаруашылығында пайдаланылатын радиостанциялардың тактикалық-техникалық сипаттамалары.