Орман қорғауында- ВО-105 тікұшағы

 

Құрылу тарихы

BO-105 тікұшағы алдыңғы қатарлы технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы жасалған екі тонналы көп мақсатты тікұшақ ретінде ойластырылған. Машина өте сәтті болды, оның дәлелі ретінде осы күнге дейін 400-ден астам тікұшақ пайдаланылуда.

"BО-105 тікұшағы ең алдымен әмбебап, сенімділік пен істен шығу тұрақтылығының арқасында танымал болды. Алғашқы ұшудан кейін 50 жыл өткен соң да модель пайдалануда, бұл тікұшақтың жоғары сапа деңгейін сипаттайды.  BО-105 заманауи тікұшақ жасау технологияларының пионері бұрынғысынша компанияның модельдік қатарына әсер етеді", - деді Airbus Helicopters неміс бөлімшесінің бас директоры Вольфганг Шодер.

Тікұшақты әзірлеу Messerschmitt-Boelkow-Blohm компаниясында 1960-ші жылдардың басында басталды. Тікұшақтың басты жаңалығы шыны талшықты қалақтары бар көтергіш бұранданың шарнирсіз титан төлкесі болды. Көлденең және тік топсалары бар дәстүрлі конструкцияға қарағанда, қалақтарды бекіту тек осьтік топсаның көмегімен жүзеге асырылған салмақ түсіретін бұранданың жаңа түрі әзірленді.

Мұндай жүргізуші винт жылжымалы бөліктердің әлдеқайда аз саны есебінен дәстүрлі қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ВО-105-тің  көтерұші винтінің ерекшілігі икемділігі мен маневрлігін  арттырады — бұл модельді қазір де сұранысқа ие ететін сапа.

Алғашқы машинаны 1970 жылы жеткізілгеннен бері бүкіл әлем бойынша 300-ден астам клиент шамамен 1400 ВО-105 тікұшағын сатып алды. Олардың басым бөлігін – 600-ге жуық машинаны түрлі елдердің әскери ведомстволары сатып алды. Сонымен қатар, тікұшақ лицензия бойынша Индонезияда, Филиппинде, Испания мен Чилиде шығарылған.

400-ге жуық тікұшақ, өндірілген машиналардың жалпы санының үштен бір бөлігі әлі де пайдалануда. Ең үлкен ұшуы бар ВО-105 тікұшағы Фолкленд аралдарында авиациялық жұмыстарды орындайды. Бүкіл әлем бойынша BO-105 жалпы ұшуы 8 млн сағаттан асты. Airbus Helicopters компаниясы осы жеңіл тікұшаққа кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді перспективада қосалқы бөлшектерді жеткізуге кепілдік береді.

Ұшу-техникалық сипаттамалары

ВО-105 жеңіл тікұшақтары қатты көтеруші винт пайдаланудың арқасында жоғары маневрлігімен ерекшеленеді, оларда "Нестеров ілгесін" қоса алғанда, жоғары пилотаж фигураларын орындайды және жылдамдық пен қашықтықтың бірқатар әлемдік рекордтары орнатылды (1974 ж.1 714 км.)

Тікұшақ, екі газтурбиналық қозғалтқышы және шана түрлі шассимен, рульдік винті бар бір винтті схема бойынша орындалған. Фюзеляжы  алюминий қорытпаларынан жасалған жартылай монокок тұтас металлды. Қозғалтқыштар ағытпалары мен басқа да күш түспейтін элементтер шыны пластиктен жасалған. Алдыңғы жағында ұшқыштарға арналған екі орындығы және жолаушыларға арналған үш орындығы бар кабина орналасқан. Кабинаның арт жағында бүйірінде ашылатын жармалары бар багаж бөлігі мен жүк люгі бар. Кабинада және багаж бөлігінде артқы орындықтар түсірілген кезде екі зембілді орнатуға болады.

Шасси жиналмайтын шана түрлі. Амортизация көлденең тіректердің серпімді деформациясы есебінен жүзеге асырылады, алмалы-салмалы доңғалақтар немесе төрт үрлемелі баллонет орнатылуы мүмкін.

Көтерұші винті - қалақтарды қатты бекітумен төрт жақты. Жоспарда тік бұрышты пішінді қалақтар, керілген шыны пластиктен жасалған, титан қорытпасынан жасалған эрозияға қарсы жапсырмасы бар, тұмсық бойымен, тамырлы бөлікте тербелісті маятникті сөндіргіштермен жабдықталған. NACA 23012 модификацияланған қалақ профилі ұлғайтылған қисық тұмсығы бар. Титан қорытпасынан жасалған төлкенің роликті подшипниктері және болат таспалардан жасалған торсиондары бар осьтік топсалары ғана болады.

Диаметрі 1,9 м екі жақты рульдік бұрама қалақтары жартылай қатты бекітумен. Жоспарда тікбұрышты қалақтар шыны пластиктен жасалған.

Күш қондырғысы фюзеляждың жоғарғы бөлігінде орнатылған Аллисон (Rolls-Royce) 250-С20 B немесе С28С екі турбовинтті газтурбиналық қозғалтқыштардан тұрады. Трансмиссия үш сатылы басты, аралық және артқы редукторлардан тұрады.

Отын жүйесі жалпы сыйымдылығы 580 л негізгі және шығыс жұмсақ отын бактарынан тұрады. Қосымша бакттарды орнатуы мүмкін. Жүргізу винтін басқару модульдік, резервтелген, бустерлік жүйесінен тұрады.

Электр жабдығы тұрақты ток кернеуінің екі стартер - генераторын және жер үсті қоректену розеткасын қамтиды. Стандартты жабдыққа ҚТ және УҚТ радиостанциялары, қозғалтқыштардың жұмысын басқару және бақылау аспаптары, доплерлік РЛС пайдалану арқылы навигация, орнықтылықты арттыру жүйесі, қону фарасы және т. б. кіреді.

Машинаның ең жоғары ұшу салмағы 2,3 т., ең жоғары жылдамдық -232 км/ сағ, ұшу қашықтығы - 1100 км. дейін (қосымша бактармен). Практикалық төбе -5 км. дейін.

Bo-105 артықшылықтары мен технологиялық жетістіктері H135 және H145 жеңіл тікұшақтарын жасау кезінде пайдаланылды. Bo-105 мирасқоры- H135 моделі,  көтеруші винт қалақтарын бекітудің алдыңғы қатарлы саңсыз және тұмсықсыз түйінімен. Көміртекті талшық негізінде композиттік материалдарды кеңінен пайдалану көтеруші винт компоненттерінің ресурсын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, H135 тікұшағы "шыны кабина", Fenestron типті сақиналы аэродинамикалық арнадағы автоматты басқару жүйесі мен рульдік винт сияқты бірқатар артықшылықтарға ие  - қауіпсіздік деңгейін арттыруға және шу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Пайдалану

BO-105 тікұшағы бүгінде сапта тұр,бұл машина ондаған елде белсенді пайдаланылуда. Көптеген онжылдықтар BO-105 бүкіл әлем бойынша, азаматтық және әскери авиацияда сәтті пайдаланылды.

Қазавиаорманқорғауда  BO -105 тікұшағы орман-авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ браконьерлік фактілерді, табиғат қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілетін аң аулау және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған авиарейдтерді жүргізу үшін пайдаланылады.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға