2019 жылғы 19 ақпанда "2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2019 жылғы өрт қауіпті маусымдағы міндеттер" тақырыбында кеңес өткізілді»


Суретте, солдан оңға қарай: Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Б. А. Асылжанов, Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Т. Б. Мамиев, Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А. С. Қонақбаев, Алматы авиациялық бөлімшесінің басшысы Т. Т. Алиев.

2019 жылғы 19 ақпанда "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ-де Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері, ұлттық табиғи парктер мен қорықтар өкілдерінің қатысуымен "2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2019 жылғы өрт қауіпті маусымға арналған міндеттер" тақырыбында кеңес өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, соғыс қимылдарына қатысушы, "Қаскелең орман шаруашылығы" КММ директоры Н. Айдабосыновқа Н. құрмет грамотасы және естелік сыйлық – гитара берілді.

Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушы, "Қаскелең орман шаруашылығы" КММ директоры Айдабосынов Н. Н.

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК кәсіпорынынан кеңеске Алматы және Талдықорған авиациялық бөлімшелерінің басшылары Т. Т. Әлиев пен М. К. Базарбеков қатысты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға