2019 жылғы 22 ақпанда "2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2019 жылғы өрт қауіпті маусымдағы міндеттер" тақырыбында кеңес өткізілді»
Кеңес барысында 2019 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық және өрт қауіпті маусым ішінде орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу мақсатында орман иеленушілер қабылдайтын шаралар мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша, өрт қауіпті маусымға дайындық аясында:
1. Орман өрттерін сөндіру және аумақты өртке қарсы жайластыру мәселелері бойынша орман өрттерін сөндіру қызметімен оқыту жүргізужәне нұсқау беру;
2. Өрт сөндіру командаларын қалыптастыру;
3. Өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және бақылау объектілерін жөндеу;
4. Елді мекендердің айналасында орналасқан ормандарда өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;
5. Ормандарды заңсыз кесуден қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша инспекторлық құрамды, Мемлекеттік күзет қызметкерлерін, сондай-ақ орман тәртібін бұзушылықтар бойынша құжаттаманы жасау және жүргізу тәртібін оқыту;
6. Өрт қаупі бар маусым басталғанға дейін қолда бар ағаш кесу қалдықтарын жағу;
7. Өрт қауіптілігін төмендету мақсатында орман қоры аумағында және оған іргелес аумақтарда бақыланатын шөп өсімдіктерін өртеуді жүргізу.
Сондай-ақ, орман күзетіне орман тәртібін бұзушылықты дер кезінде анықтау, жолын кесу және орман заңнамасын бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша шараларды белсенді қолдану ұсынылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында орман өрттерінің, заңсыз ағаш кесудің және басқа да орман тәртібін бұзудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігі ерекше атап өтілді.
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК кәсіпорынынан кеңеске Қарқаралы авиабөлімшесінің басшысы Т. В. Плотников қатысты.