2024 ЖЫЛҒЫ 22 АҚПАНДА «2023 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2024 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында бейнеконференция арқылы «2023 жылғы өрт қауіпі бар маусымның қорытындылары және 2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымға арналған міндеттер» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша орман иеленушілерге орман өрті қызметтерін оқыту және нұсқау беруді, өрт сөндіру командаларын құруды, өртке қарсы техниканы, жабдықтар мен бақылау объектілерін жөндеуді, жанар-жағармай материалдарының резервтік қорын құруды, тұрақты телефон және радиобайланысты қамтамасыз етуді және ағаш қалдықтарын жағуды қоса алғанда, көрсетілген мерзімде 2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымға дайындықты аяқтау ұсынылды және т.б. Кеңесте ведомстволық бағынысты аумақтағы барлық өрт фактілері бойынша ақпаратты инспекцияға уақтылы ұсыну, орман шаруашылығы мекемелерін өрт сөндіру техникасымен және жабдықтарымен толықтыру шараларын қабылдау, орман өрттерімен күрес бойынша өзара іс-қимылдың келісілген жоспарларын әзірлеу және ұсыну қажеттігі ерекше атап өтілді.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК кәсіпорнынан кеңеске Шығыс авиациялық буынның командирі А.В.Коншу қатысты