2024 ЖЫЛДЫҢ 23 АҚПАНЫНДА АСТАНАДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН МЕКЕМЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЫНАҚТАРЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 ақпанда Астанада табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлерін бастапқы оқытудың білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін өткен пәндер бойынша сынақтар өтті. Еске салайық, бастапқы оқытудың білім беру бағдарламасы орман өрттерін сөндіру саласындағы білім деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Оқыту бағдарламасында сабақтардың мынадай түрлері көзделген: дәрістер, оқу әдебиетін өз бетінше зерделеу және практикалық сабақтар. Сынақтарды тапсырғаннан кейін алынған сертификаттар орман өрттерін сөндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтарында табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлерін - өрт сөндіруді ұйымдастырумен және басшылықпен байланысты адамдарды оқыту курстары басталады.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға