2024 ЖЫЛҒЫ 26 АҚПАНДА «2023 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2024 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында бейнеконференция арқылы «2023 жылғы өрт қауіпі бар маусымның қорытындылары және 2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымға арналған міндеттер» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңеске Қарағанды облысында орналасқан табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің, Ұлттық табиғи парктердің өкілдері, ТЖ өкілдері қатысты. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК кәсіпорнынан кеңеске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің басшысы Т.В. Плотников қатысты.