2024 ЖЫЛҒЫ 26 АҚПАНДА «2023 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2024 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

2024 жылғы 26 ақпанда «Шелек орман шаруашылығы» КММ-де жергілікті атқарушы органдар, ТЖД және «Шелек орман шаруашылығы» КММ өкілдерінің қатысуымен «2023 жылғы өрт қаупі бар маусымның қорытындылары және 2024 жылғы өрт қаупі бар маусымға арналған міндеттер» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңес барысында 2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымға дайындық және өрт қауіпі бар маусым ішінде орман өртінің алдын алу және онымен күресу мақсатында орман иеленушілер қабылдайтын шаралар талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша өрт қауіпі бар маусымға дайындық аясында:
1. Аумақты өртке қарсы орналастыру және орман өрттерін сөндіру мәселелері бойынша орман өрт сөндіру қызметтерін оқыту және нұсқау беру;
2. Өрт сөндіру командаларын қалыптастыру;
3. Өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және бақылау объектілерін жөндеу;
4. Елді мекендердің айналасындағы ормандардағы өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;
5. Инспекторлық құрамды, мемлекеттік күзет қызметкерлерін ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ орман бұзушылықтар бойынша құжаттаманы жасау және жүргізу тәртібі бойынша оқыту;
6. Өрт қауіпі бар маусым басталғанға дейін бар кесінді қалдықтарын жағу;
7. Орман қоры аумағында және оған iргелес аумақтарда өрт қауiптiлiгiн төмендету мақсатында шөптi өсiмдiктердi бақылап күйдiру және т.б.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК атынан кеңеске ұшу-өндірістік қызметінің басшысы Я.Р. Ибрагимов қатысты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға