2019 жылғы 11 наурызда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК орталық аппаратында "2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2019 жылғы өрт қауіпті маусымға міндеттер" тақырыбында кеңейтілген кеңес өтті»
Кеңес барысында орталық аппараттың қызметтері мен бөлімдері басшыларының 2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды және талқыланды. Сонымен қатар, 2019 жылғы өрт қауіпті маусымға уақытында дайындық бойынша бірінші кезектегі мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, кеңесте:
1. Республикалық диспетчерлік қызмет жөніндегі мәселелер;
2. Есеп мәселелері;
3. Кадрлық мәселелер;
4. Ұшу-өндірістік қызмет мәселелері;
5. Авиабөлімшелеріндегі ескертулер бойынша баяндама;
6. Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысты күшейту және 2019 жылға арналған медиа-Жоспарды орындау жөніндегі мәселелер;
7. Жыл сайынғы қайта даярлау жүргізу және авиациямен өрт сөндіру қызметінің инструкторлық және десанттық құрамының орман өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарға жіберу жөніндегі мәселелер.