2024 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДА «2023 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2024 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылғы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пихта орман шаруашылығы» КММ-де «2023 жылғы өрт қауіпі бар маусымның қорытындылары және 2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымға арналған міндеттер» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңесте орман өрттерінің алдын алу, орман өрттерін сөндіру бойынша шараларды уақытылы қабылдау және олардың ірі дәрежеде дамуына жол бермеу мәселелері, жер үсті және авиациялық қызметтердің өзара іс-қимылы, әуе кемесімен радио алмасу жүргізу және әуе кемесінің қатысуымен өртті жою және жою кезіндегі қауіпсіздік техникасы және т.б. мәселелері пысықталды. Кеңес барысында 2024 жылы күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау Өскемен қаласынан Ан-2 ұшағымен жүргізілетіні атап өтілді.
Жиналыс орман пайдаланушылар өкілдерінің қатысуымен өтті, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК кәсіпорнынан Риддер авиациялық бөлімшесінің АПГ нұсқаушысы М.А. Кузьмин қатысты.