ТҰРҒАМБАЕВ ДАНИЯР ҒАЛЫМҰЛЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д.Қонаев атындағы университетті, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы жеке компанияда бухгалтер болып бастаған.
2010-2019 жж. - мемлекеттік сатып алулар бойынша бас маман-менеджер, бөлім басшысы, бас директордың орынбасары, "Алтын емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі "ММ директорының орынбасары.
2019-2021 жж. - "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ директоры.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.
https://primeminister.kz/ru/hrpolitic/appointments/daniyar-turgambaev-naznachen-predsedatelem-komiteta-mepr-rk-1911318

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға