«ҚАЗАВИАОРМАНҚОРҒАУ»-НЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАУ
Орманда әлі орасан зор қар көшкіні жатқанына қарамастан, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-да өрт қауіпі бар маусымға толық жауынгерлік әзірлікте қарсы алу үшін дайындық жүріп жатыр. Өрт қауіпі бар маусымға дайындық шеңберінде:
- Уәкілетті органмен 2024 жылға арналған шарт жасасу;
- Мемлекеттік сатып алу жоспарын, сондай-ақ техникалық ерекшеліктер жобаларын дайындау;
- Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу;
- Авиакомпаниялармен шарттар жасасу;
- Авиа-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің медициналық тексеруден өткендігін растау;
- Өрт сөндіру, көлік және байланыс құралдарын, десанттық мүлік пен далалық жарақты және т.б. жұмысқа дайындау.
Экономикалық дағдарыс жағдайында әуе кемелерін орналасу орындарына дер кезінде қою үшін барлық жағдай жасалуда.
Өрт қауіпі бар маусымға дайындықта мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілуі маңызды орын алады.
Атқарылып жатқан дайындық іс-шараларының кешені, орман өрттерін анықтау және сөндіру үшін тартылатын барлық күштер мен құралдардың болуы, дайындық жай-күйі кәсіпорынға жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін қажетті жағдайлар жасайды, атап айтқанда өрт ошақтарын уақтылы анықтауға және жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорына қауіп төндіретін ірі орман қорына көшуге жол бермеуге мүмкіндік береді.