ҚАРҚАРАЛЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМ БАСТАЛАР АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ

2024 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындық шеңберінде «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінде өрт сөндіруші-десантшылар қызметінің жеке құрамы арнайы пәндер бойынша теориялық оқытудан өтеді, олар:
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары;
2. Десанттық даярлық;
3. Орман өрті жабдықтары мен механизмдері;
4. Байланыс және ақпарат;
5. Ормандарды күзету және орман өрттерін сөндіру;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.

Қосымша, авиациялық бөлімшенің аумағында кеңсе ғимаратын және басқа да үй-жайларды қардан тазарту, авиациялық бөлімшені қайта іске қосу, өрт сөндіру, байланыс құралдарын және таборлық мүлікті тексеру және дайындау жүргізіледі. Оның ішінде жеке құрамды дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға даярлау және өрт сөндіру құралдарын өрістете отырып, орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығуларды пысықтау бойынша сабақтар жүргізіледі.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға