2024 ЖЫЛҒЫ 14 НАУРЫЗДА «ШЕЛЕК ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
2024 жылғы 14 наурызда «ШЕЛЕК ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ аумағында бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу басқару органдарының, орман өрттерін сөндіруге ден қою жөніндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау, өрт сөндіруге күштер мен құралдарды жедел тарту, өрт сөндіруді ұйымдастыру және оған басшылық ету, тартылатын күштер мен құралдарды басқару жөніндегі практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында өткізілді.
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша өрт-бақылау мұнарасының кезекшісі орманды дала алқабынан түтін тапты. Өрт туралы ақпарат кезекші-диспетчерлік қызметтерге орман өрті туындаған кезде хабарлау схемасына сәйкес беріледі.
Күштер мен құралдарды тарту орман өрті туындаған кездегі іс-қимыл тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Дер кезінде келген бөлімшелер тез арада отты дүлей зілзаламен «ұрысқа» түседі. Өрт болған жерде өрт сөндірудің жедел штабы құрылады, ол өрттегі жағдай туралы деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады, күштер мен құралдарды есепке алады және жауынгерлік учаскелер бойынша бөледі, сөндіру жоспарын әзірлейді.
Ұзақ және табанды күрестен кейін барлық учаскелерде қолданыстағы өрт жиегі тоқтатылды, жекелеген жану ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Лагерьде қосымша құралымдардың жиналуы жарияланады. Өрт сөндіру жедел штабының бастығы өртті жою туралы хабарлайды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың нәтижелері бойынша барлық функционалдық топтардың басшыларын тарта отырып, жедел штабтың жиналысы өткізілді, онда оқу-жаттығулар барысына талдау жүргізіліп, оның қорытындысы шығарылды.
Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шаралар осы өртті жою кезінде туындауы мүмкін барлық нюанстардан, барлық жедел қызметтердің өзара іс-қимылынан және өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз етуден нақты жағдайларға барынша жақын жағдайларда орман өрттерін сөндіру дағдыларын пысықтау үшін жүргізіледі.