2024 ЖЫЛҒЫ 14 НАУРЫЗДА ӨСКЕМЕНДЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ӨТТІ

2024 жылғы 14 наурызда Өскеменде Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығының базасында Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Оқудың төртінші күнінде курс тыңдаушыларына:

1. Өрт сөндірудің қол құралдары. Моторлы өрт сөндіру құралдары, жабдықтар мен жарақтар. Өрт сөндірудің техникалық құралдары. Аспалы жабдық және агрегаттар;

2. ҚР Орман кодексі (ормандарды қорғау бөлігінде). ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (оның функцияларына қатысты бөлігінде). ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі (оның функцияларына қатысты баптар бөлігінде). ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары. Орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже. Орман өрт сөндіру қызметінде қабылданған терминдер мен анықтамалар;

3. Орман өрттерін сөндіру кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар. Өрт сөндіргіш заттарды жеткізу (беру) құралдары мен тәсілдері.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға