2024 ЖЫЛҒЫ 18 НАУРЫЗДА КӨКШЕТАУДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ӨТТІ

2024 жылғы 11 наурызда Көкшетауда Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығының базасында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының табиғатты қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Оқытудың бірінші күнінде курс тыңдаушыларына:
1. Орман өрттерін жіктеу, орман өрттерінің пайда болу және даму жағдайлары;
2. Ормандардағы өрттің алдын алу туралы жалпы түсініктер. Өртке қарсы кедергілерді жіктеу. Кесу орындарын тазалау және кеспеағаштан тыс қоқыстарды жинау. Орман жолдарының құрылысы. Басқарылатын күйдіру жолымен өртке қарсы қорғаныш жолақтарын құру. Өрт сөндіру су қоймаларының құрылысы. Өрт бақылау пункттерінің, мұнаралардың, діңгектердің, ерте анықтау жүйелерінің желісін орнату;
3. Орман өрт сөндіру қызметтерінің жұмысын регламенттеу. Навигациялық аспаптарды және орман екпелерінің жоспарын пайдалана отырып орман өрті орнын анықтау. Объективті бақылау аспаптары, оларды пайдалану тәртібі;
4. Байланыс жүйесін ұйымдастыру. Байланыс түрлері мен құралдары. УҚТ радиостанцияларының жұмыс принципі. Орман шаруашылығында пайдаланылатын радиостанциялардың тактикалық-техникалық сипаттамалары;
5. Ақпаратты жинау, өңдеу, беру және сақтау тәртібі. Жедел ақпараттың түрлері. Радио алмасу ережесі;
6. Өрт сөндіру штабының жұмысын ұйымдастыру тәртібі. Орман өртін сөндіру басшысының, өрт сөндіру жедел штабы мүшелерінің және өрттегі жауынгерлік учаскелер басшыларының функционалдық міндеттері. Орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру кезінде қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимыл алгоритмі.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға