2024 ЖЫЛҒЫ 20 НАУРЫЗДА АСТАНАДА ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРМАН МЕКЕМЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЫНАҚТАРЫ ӨТТІ

2024 жылғы 20 наурызда Астанада табиғат қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлерін бастапқы оқытудың білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін өткен пәндер бойынша сынақтар өтті. Еске салайық, бастапқы оқытудың білім беру бағдарламасы орман өрттерін сөндіру саласындағы білім деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Оқыту бағдарламасында сабақтардың мынадай түрлері көзделген: дәрістер, оқу әдебиетін өз бетінше зерделеу және практикалық сабақтар. Сынақтарды тапсырғаннан кейін алынған сертификаттар орман өрттерін сөндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға