2024 ЖЫЛҒЫ 28 НАУРЫЗДА «ҚАЗАВИАОРМАНҚОРҒАУ» РМҚК ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылғы 28 наурызда «Қазавиаорманқорғау» РМҚК (орталық аппарат) бас директордың міндетін атқарушы М.С. Айнабековтың төрағалығымен орталық аппарат қызметтері мен бөлімдерінің басшыларының, авиациялық буын командирлерінің, авиациялық бөлімше басшылары мен бақылаушы-ұшқыштардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес барысында 2024 жылғы өрт қауіпті маусымға уақытылы дайындық бойынша бірінші кезектегі мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, кеңесте проблемалық мәселелер және оларды Республикалық диспетчерлік қызмет, бухгалтерия, кадрлар бөлімі, ұшу-өндірістік қызмет және әкімшілік-шаруашылық бөлім қызметіндегі шешу жолдары қаралды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға