2019 жылғы өрт қауіпі маусымына дайындық кезеңінде Қарқаралы авиация бөлімінің алдын ала дайындық іс-шаралары

Қарқаралы авиабөлімінде 2019 жылдың 26 наурызында өрт қауіпсіздік маусымына дайындық шеңберінде жеке құраммен орман өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді. Оның ішінде өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша жаттығу сабақтары өткізілді. Авиабөлімнің жеке құрамы орман өртін сөндіру кезінде ормандарды авиациялық және жердегі қорғау арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерінде дайындалды. Орман шаруашылығында қолданылатын радиобайланыс құралдарын пайдалану туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ орман өрттерімен күрес кезінде қолданылатын техникалық және басқа да құралдар бойынша сабақтар өткізілді, өрт дамуының әртүрлі жағдайларында оларды қолданудың техникалық сипаттамалары мен тәсілдерін талдау жүргізілді.

   

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға