ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ-ҚАСТЕРЛІ ПАРЫЗ

Орман — экологиялық тепе-теңдікті сақтап тұрған табиғаттың бірден бір маңызды бөлшегі. Орман-ол оттегі, ылғал мен азайып бара жатқан тұщы судың қайта қалпына келуіндегі кепілдігі. Орман ол әртүрлі жануарлар мен құстардың өмір сүру ортасы. Біз уайымсыз демала алатын екінші үйіміз. Қазіргі уақытта өкінішке орай еліміздегі орманның азайып бара жатқанын байқаймыз.

Әрине, орманның алғашқы жауы өрт қаупі. Еліміздың солтүстік жақтарында өрттің басталуына көбіне найзағайдың түсуі себепші  болса, ал оңтүстікте жағдайды ушықтыратын адамдардың өздері. Әсіресе қауіптің басым бөлігі қойшылардың кепкен шөптерді өртеуі кезінде бастау алады.

Алқаптағы шөптің бұл әдістен кейін жақсы өсе қоймайтындығы бұрыннан зерттеліп қойса да, әрі заң жүзінде тыйым салынғанына қарамастан кепкен шөпті өртеуді адамдар тоқтатар емес. Көп жағдайда кепкен шөптің жалыны орманға шауып, біраз жерді от шарпып үлгереді. Демалуға келген адамдар да өрттің алдын алғаны абзал. Себебі жерге түскен темекі қалдығы, сөндірілмеген алаудың кесірінен де орманға өрт қаупі бар. Қамысты өртейтін балықшылардың да, сол қамыстың ішіндегі өмір сүретін аққу, бірқазан, үйрек сияқты құстарға да қаншама зиянын тигізуде.

Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы:

— Қазіргі уақытта күн қызуының ең жоғарғы деңгейге жеткендіктен бізде бесінші сатыдағы өрт қаупі көрсеткіші тұр. Мұндай кезде өрт әртүрлі себептермен, тіпті, қауіпсіз дейтін аймақтардың өзінен байқалуы мүмкін. Әуе қауіпсіздік күзеті өрттің ошақ қасында жүргеніне талай уақыт болды. Біздің қолымызда тікұшақтар, ұшақтар бар, арнайы оқу-жаттығулардан өткен өрт десантшылары жұмыс істеуде. Күн сайын бақылау ұшақтары Іле Алатауы жоталарын, Іле өзені мен Балқашқа дейінгі ормандарды тексеріп отырады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
http://kazgazeta.kz/?p=84230

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға