ӘУЕ БАҚЫЛАУЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Тек Қоскүмбез маңайында электрлі қайықпен балық аулап жүрген екі балықшы, тікұшақ бақылауынан барынша қашып, құтылды. Оларды әуе бақылау қызметкерлері жергілікті табиғатты қорғау полициясына хабарлады. Ал әуе бақылауы сапарында сексеуіл ормандарына қауіп төндіретін ешқандай өрт ошағы табылмады. Біз таңғы сапардан келіп қонғанымызда, келесі топ әуеге көтерілуге дайындалып жатты.
Жанат БАЙЖАНОВ,
«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы:
— Бүгінгі ұшып өткен ара қашықтығымыз- 460 шақырым. Біз ВО-105 тікұшағы мен Parten Avia ұшағы көмегімен күнделікті бақылау жүргіземіз. Ұшу мақсаты — өртті қарау және заңсыз броконерлікті бақылау. Әуе бақылауындағы біздің жұмысымызға мемлекеттік инспектор А.Мұсаев та бірге қызмет жасады. Бүгін айтарлықтай құқық бұзушылық байқалған жоқ, тек қайтар бағытта Іле өзені бойынан екі балықшы электрлі қайығымен біздің бақылауымызды байқап, қашып құтылды.
Біз өрт шығуын тапқан жағдайда, орман күзетшілеріне хабар береміз. Қай жерде, не жанып жатыр, қандай аумақты қамтиды, қанша техника керек деген ақпаратты хабарлаймыз. Күнделікті таңғы сағат 9:00-ден бастап, кешкі 20:00-ге дейінгі аралықта үш мәрте әуе бақылауын орындаймыз. Бақбақтыдағы Алматы авиа бөлімшесінде екі ұшқыш бақылаушы және 5 өрт сөндіруші десентшы қызмет етуде.
Биылғы бақылау маусымында Құскүмбез ауылы маңайында қамыс жаққан екі жергілікті тұрғын ұсталды. Ал заңсыз балық аулау бойынша осы уақытқа дейін бірде-бір адам жауапқа тартылған жоқ.
Еске салайық, 2019 жылғы «Мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусымды белгілеу туралы» №17-5-6/75 бұйрығына сәйкес — Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Алакөл, Алматы, Үстірт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорықтары, «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Іле-Алатау, «Көлсай Көлдері», Жоңғар-Алатау, Шарын және Сайрам-Өгем, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелері өрт қауіпсіздігі маусымын бақылауда.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Балқаш ауданы, Алматы облысы
(Суреттерді түсірген автор)
http://kazgazeta.kz/?p=84285