Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесі авиациялық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамын дайындауды аяқтады

2019 жылы 9 сәуірде Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесінде авиациялық өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің біліктілігін растау үшін арнайы келесі пәндер бойынша емтихандар мен сынақ тапсыру өткізілді:
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ережелер;
2. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
3. Десанттық дайындау;
4. Орман өрті жабдықтары мен механизмдері;
5. Байланыс және ақпарат;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.

Теориялық және практикалық емтихандардың нәтижелері бойынша барлық өрт сөндіруші-десантшылар орман өрттерін сөндіру жұмыстарына рұқсат алды.

Популярные новости


Алматы қ., Абай к-сі, 32/2
Тел.: +7 (727) 346-13-71
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға