Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 2019 жылғы өрт қауіпті маусымы басталар алдындағы дайындық іс-шаралары

2019 жылдың 8-10 сәуірі аралығында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінде өрт сөндіру десанттық қызметінің жеке құрамы арнайы келесі пәндер бойынша емтихан тапсыра отырып, теориялық оқудан өтті:
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ережелер;
2. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
3. Десанттық дайындау;
4. Орман өрті жабдықтары мен механизмдері;
5. Байланыс және ақпарат;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
Оның ішінде десанттық-өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру және орман өрттерін сөндіру жұмыстарына рұқсат алу үшін өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, орман өрттерін сөндіру техникасын пысықтау жүргізілді.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға