2019 жылы 9 сәуірде Щучинск қаласында "2019 жылғы өрт қауіпті маусым" тақырыбында жиналыс өтті

2019 жылғы 9 сәуірде Щучинск қаласы 24-МӨСБ базасында "2019 жылдың өрт қауіпті маусымы" тақырыбында кеңес өткізілді. Жиналғандарға "Бурабай" МҰТП ММ директоры Г. Әбдіқалықов қысқаша құттықтау сөз сөйледі. Жиналыс барысында келесі тақырыптарға дәрістер оқылды:

1. "2019 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық, дала және орман өрттерін сөндіру ережелері" - спикер болып ТЖ полковнигі Қ. Қ. Бабаев сөз сөйледі. 
2. "Әуе кемесінің жұмысы кезіндегі қауіпсіздік техникасы"- спикер болып Бурабай авиациялық бөлімшесінің басшысы В. В. Загоруйко сөз сөйледі.

Қатысушыларға орман және дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыруға арналған бейнематериал көрсетілді. Кеңес барысында өрт сөндіруде қолданылатын материалдық-техникалық базаны, автокөлікті, байланыс пен навигацияны күшейту, АҚ және авиациялық бөлімшелердегі орман өрттерінің жағдайлары туралы ақпаратты уақытында беру өзекті мәселелері көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бурабай авиациялық бөлімшесінің авиациялық өрт сөндіру командасының нұсқаушысының қатысуымен "Бурабай" МҰТП барлық орманшылықтары бойынша топтық кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға