2019 жылы 10 сәуірде "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ММ аумағында өрт болды
2019 жылы 10 сәуірде Алтай орманшылығының аумағында 14-ші кварталда төменгі өрті табылды. Орманшыларға көмекке Щучинск қаласының № 23 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жасағы мен Бурабай авиациялық бөлімшесінің жеке құрамы дереу келді. Екі сағат өткеннен кейін өрт 17,2 га аумақта ауыздықталды. Өртті оқшаулауға және жоюға "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бурабай авиациялық бөлімшесінің 5 адамы, № 23 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 13 адамы, жер үсті орман күзетінің 38 адамы және 16 бірлік техника жұмылдырылды.