2019 жылы 12 сәуірде Қазақстанның бірнеше облысында өрт қауіпті маусым басталады
"2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусым
белгілеу туралы" №17-5-6/75 бұйрығына сәйкес, 2019 жылы 12 сәуірде Батыс
Алтай, Марқакөл, Наурызым және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорықтары
аумақтарында, "Ертіс Орманы" және "Семей Орманы" мемлекеттік
орман табиғи резерваттары, "Алтын дала", "Ақжайық",
"Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваттары, "Бурабай",
"Көкшетау", "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері,
Тарбағатай, Қарқаралы, Катон-Қарағай, Баянауыл, Сандықтау оқу-өндірістік орман
шаруашылығы және "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорны,
республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы , сондай-ақ Ақмола,
Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар
және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері жанындағы Табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелерінде өрт қауіпті
маусым басталады.