Ақмола авиациялық бөлімшесінде орман-авиациялық жұмыстарының басталуы
2019 жылы 13
сәуірде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің
мамандары "Отрадное орман шаруашылығы" ҚММ өкілдерімен бірлесіп
күзетілетін аумақты бірінші рет аралап шықты.Ұшу барысында мемлекеттік орман қоры аумағында таралу қаупі бар жалпы
алаңы 10 га дала өрті анықталды. Ақмола авиациялық бөлімшесі мен "Отрадное
орман шаруашылығы" ҚММ қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері мен уақытылы
қабылданған шараларының арқасында өрт уақытында оқшауланып, мемлекеттік орман
қорына қауіп жойылды. Өртті сөндіруге десанттық-өрт сөндіру қызметінің 4 адамы,
жер бетіндегі орман күзетінің 12 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды.