2019 жылы 22 маусымда Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылы 22 маусымда
Жамбыл авиациялық бөлімімен күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында
Тәтті орманшылығы Меркі ҚМБ-нің 45
кварталына қауіп төніп тұрған дала өрті анықталды. Өртке қарсы Жамбыл авиациялық бөлімі мен Меркі
ҚМБ-нің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-әрекеттерінің
арқасында өрт тоқтатылды,мемлекеттік орман қорына қауіпі жоқ. Өртті сөндіруге
Жамбыл авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Мерке ҚМБ-нің
15 адамы жұмылдырылды. Өрт 70
га (дала) алаңында жойылды.