2019 жылы 24 маусымда өрт жойылды
2019 жылғы 24 маусымда Көкжал
орманшылығының 93 кварталында, Бесқарағай филиалының аумағында пайда болған өрт
жойылды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімі
мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар
авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Бесқарағай
филиалының 12 адамы, 3 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында
өрт шағын ауданда - 0.14 га
жойылды.