Қарқаралы авиациялық бөлімшесінде орман-авиациялық жұмыстарының басталуы
2019 жылдың 14 сәуірінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінің өкілдерімен бірлесіп күзетілетін аумақты бірінші рет аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында МКК орманшылықтарымен және инспекторларымен радиобайланыс, кордондардың нөмірлері тексерілді. Өртке қарсы жолдардың жай-күйін, мүмкін болатын төменгі өрттердің таралуына тосқауылдар және жұмыс істеп тұрған ошақтарды оқшаулау кезінде тірек сызықтарын тексеру жүргізілді. Орман өрттерінің пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында бақылаудағы өрт сөндіруді бастау үшін жағдай нақтыланды.
Мемлекеттік орман қорының аумағын және оған іргелес мемлекеттік қор жерлерін тексеру кезінде тұрақты авиациямен қарауылдауды бастау қажеттігі тексерілді.