2019 жылы 11-13 сәуір аралығында Қостанай авиациялық бөлімінде жеке құраммен теориялық сабақтар өткізілді
2019 жылы 11-13 сәуір аралығында "Қазавиаорманқорғау" РМКК Қостанай авиациялық бөлімшесінде десанттық-өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы арнайы келесі пәндер бойынша емтихан тапсыра отырып, теориялық оқудан өтті:
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ережелер;
2. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
3. Десанттық дайындау;
4. Орман өрті жабдықтары мен механизмдері;
5. Байланыс және ақпарат;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
Оның ішінде десанттық-өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру және орман өрттерін сөндіру жұмыстарына рұқсат алу үшін өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, орман өрттерін сөндіру техникасын пысықтау жүргізілді.