Қостанай авиациялық бөлімшесінде орман-авиациялық жұмыстарының басталуы

2019 жылы 12 сәуірде Қостанай авиациялық бөлімшесінің мамандары Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының өкілдерімен бірлесіп күзетілетін аумақты бірінші рет аралап шықты. Авиациямен қарауылдау мақсаты өрт қауіпті маусым басталғанға дейін күзетілетін аумақта пайда болған өрттерді тіркеуді жүргізу болды. Авиациямен қарауылдау барысында сондай-ақ орманшылықтармен және МТҚ инспекторларымен радиобайланыс тексерілді. Өртке қарсы жолдардың жай-күйін, мүмкін болатын төменгі өрттердің таралуына тосқауылдар және жұмыс істеп тұрған ошақтарды оқшаулау кезінде тірек сызықтарын тексеру жүргізілді.

 

Орман өрттерінің пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында бақылаудағы өрт сөндіруді бастау үшін жағдай нақтыланды. Мемлекеттік орман қорының аумағын және оған іргелес мемлекеттік қор жерлерін тексеру кезінде тұрақты авиациямен қарауылдауды бастау қажеттігі тексерілді.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға