2019 жылы 25 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен профилактикалық дәріс өткізілді
2019 жылғы 25 маусымда халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Павлодар авиациялық бөлімшесінің АӨҚ нұсқаушысы В. В. Бабаковтың Шалдай ауылының дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері арасында "Шарбақты орталық аудандық ауруханасы" КМҚК "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Ұйым қызметкерлері орман алқабы аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың іс-әрекеттерімен, санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.