2019 жылғы 27 маусымда "Өскемен орманшаруашылығы" КММ аумағында табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

2019 жылғы 27 маусымда Глубокое ауданының "Өскемен орман шаруашылығы" КММ (Степное ауылы) аумағында орман-дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Аталған оқу-жаттығудың мақсаты орман және дала өрттерін сөндіруге әрекетету бойынша басқару органдарының, күштер мен құралдардың өзараіс-қимылын пысықтау және табиғи өрттерді сөндіру әдістері мен тәсілдерін практикалық пысықтау болыпта былды.

Оқу-жаттығуға ШҚО ТЖД бөлімшелерінің, Өскемен, Верх-Уба және Мало-Уба орман шаруашылықтарының, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Өскемен авиациялық бөлімшесінің, ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру бірлестіктерінің, сондай-ақ Ұлттық ұлан бөлімшелерінің өрт сөндіру күштері мен құралдары қатысты.

Өскемен авиациялық бөлімшесіне қойылған міндет толық көлемде орындалды. Сыртқы аспада сөндіру орнына суды жеткізу жүргізілді. Десантшылар тобын өрт сөндіру құралдары бар түсіру құрылғыларында жұмыс учаскесіне түсіру жүргізілді. Тірек көбік жолағын төсеу және қол және моторизацияланған құралдармен, сондай-ақ Уаз "Фермер" автомобилінің базасында жоғары қысымды өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған МЛДК қолдана отырып күйдіруді іскеқосу орындалды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға